
Ұжымдық шарттар жасау
Негізгі ұғымдары мен принциптері
Жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;
Қызметкер-жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
Қызметкерлердің өкілдері – кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және заңды тұлғалар.
Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері:
- тараптар мүдделерінің тең құқықтылығы және оларды құрметтеу;
- ұжымдық шарт немесе келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылаудағы таңдау еркіндігі;
- тараптардың міндеттемелер қабылдау еріктілігі;
- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын сақтау болып табылады.
- Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзірлеудің және жасаудың бастамашысы бола алады.
- Қызметкелер және жұмыс беруші ұжымдық шарт тараптары болып табылады.
- Ұжымдық келіссөздерге қатысушылар келіссөздер жүргізу кезінде айлық жалақысы сақтала отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін.
- Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны 10-күндік мерзімде қарап, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 282-бабы 2-тармағында белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті.
- Тараптар ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарт жобасын әзірлеу үшін тепе-тең негізде комиссия құрады.
- Комиссия әзірлеген ұжымдық шарт жобасын ұйым қызметкерлері міндетті түрде талқылауға тиіс.
Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде ұжымдық шарт кемінде 2 данада жасалады және оған тараптардың өкілдері қол қояды.
Ұжымдық шарт мазмұны мен құрылымы
Ұжымдық шартқа енгізілуі мүмкін:
- еңбекке ақы төлеуді нормалау, оның нысандары, жүйелері, қызметкерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге тарифтік ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мөлшері туралы;
- жалақыны индекстеудің тәртібі туралы, жәрдемақы және өтемақы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдер туралы;
- разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы;
- жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек демалыстары туралы;
- саламатты және қауіпсіз еңбек тұрмыс жағдайларын жасау, денсаулық сақтауды жақсарту туралы ережелер енгізілуі тиіс.
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 284-бабына сәйкес, еңбек шарты кәсіпорында қызметкердің жағдайын жақсартуға қатысты қызметкер мен жұмыс берушінің өзара міндеттері толығымен жазылған көптеген басқа да тармақтарда тұруы мүмкін. Қызметкерлердің жеке талаптарымен келіспеген жағдайда, жұмыс беруші өзінің аргументтік дәлелді шешімімен олардан бас тартуы мүмкін.
- Ұжымдық шарт еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлер жағдайын нашарлатпауы тиіс. Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және қолданылмауы тиіс.
- Ұжымдық шарт талаптары қолдану мерзімі кезінде біржақты тәртіппен өзгертілмейді.
- Ұжымдық шартта күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған ұйым қызметкерлеріне және жазбаша өтініш негізінде оған қосылған қызметкерлерге қоданылады.
- Ұжымдық шарт көзделген міндеттемелерді орындамағаны үшін тараптар ұжымдық шарт және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Сіз өз еңбек құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жүгінуге құқығыңыз бар.
Басқарманың мекенжайы: Шымкент қаласы, С.Бәйтереков көшесі, 89
Байланыс нөмірі: +7 (7252) 27-38-35, 27-38-44.