Жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыскер:
- еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
- еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және дәйекті ақпарат алуға;
- еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
- кәсіподақ бірлестіктерін құру, сондай-ақ оларға мүшелік құқығын қоса алғанда, бірігуге;
- еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
- кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
- өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
- еңбек дауын шешу үшін таңдауы бойынша келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;
- жұмыс берушінің еңбек қатынастар саласындағы іс-әрекетіне шағым жасауға құқылы.
2. Жұмыскер:
- еңбек міндеттерін еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
- еңбек тәртібін сақтауға;
- жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;
- жұмыс берушінің және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
- адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
- өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
- жұмыс берушіге келтірілген зиянды еңбек заңнамасында белгіленген шектерде өтеуге міндетті.
Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыс беруші:
- жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
- қызметкерлермен еңбек шартын өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
- өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
- қызметкерлерден еңбек тәртіптемесі ережелерінің және басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
- қызметкерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жаза қолдануға
- қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тартуға;
- еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
- қызметкерге сынақ мерзімін белгілеуге құқылы.
2. Жұмыс беруші:
- еңбек заңнамасының талаптарын сақтауға;
- жұмысқа қабылдаған кезде қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
- қызметкерге жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
- қызметкерді ұйымдағы ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен таныстыруға;
- қызметкерлердің өкілдеріне толық дәйекті ақпарат беруге;
- қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға, келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарт жасауға;
- қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
- қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;
- жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауіп-қатерді болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргізуге;
- жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір қызметкер орындайтын жұмыстардың нақты есебін жүргізуге;
- еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лауазымды адамдарын, ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігінің, жағдайларының және еңбекті қорғаудың жай-күйіне мемлекеттік тексеру үшін кедергісіз жіберуге міндетті.
Сіз өз еңбек құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жүгінуге құқығыңыз бар.
Басқарманың мекенжайы: Шымкент қаласы, С.Бәйтереков көшесі, 89
Байланыс нөмірі: +7 (7252) 27-38-35, 27-38-44.