Еңбек шартын бұзу және өтемақы төлеу
Еңбек шарты бұзылуының негіздері
Әр жағдайды толығымен қарайық:
-Бірінші жағдай. Мерзімінің аяқталуына байланысты еңбек шарты тоқтату
Бұл жағдайда аяқталған күн еңбек шартында көрсетілген күн болып есептеледі;
Егер жұмысшы еңбек шартының мерзімі аяқталған күні еңбек демалысында немесе ауырып қалса, мерзім аяқталған күн қызметкердің жұмысқа шыққан бірінші күні болып есептеледі;
Егер тараптардың ешқайсысы еңбек шарты тоқтатылуына тілек білдірмесе, онда шарт автоматты түрде дәл сол мерзімге ұзартылды деп есептеледі.
-Екінші жағдай. Қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу
Қызметкер өзінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға құқылы, бірақ, ол жұмыс берушіге кемінде бір ай бұрын жазбаша ескертуі (арыз) тиіс;
Бұл ретте, еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша, көрсетілген мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін.
-Үшінші жағдай. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылуы (мұны толығымен қарайық).
-Жұмыс беруші-заңды тұлға таратылғанда немесе қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылғанда.
Таратылған кезде жұмыс беруші жұмыстан босатқанға дейін еңбек шарты бұзатыны туралы қызметркерге 1-ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті;
Кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлердің штат саны қысқартылғанда, кәсіптік одағы органының дәлелді пікірін ескере отырып, ұжымдық шартта көзделген тәртіппен жүргізіледі;
-Еңбек шарты атқарып жүрген лауазымына сәйкес біліктілігінің жетіспеуі салдарынан бұзылуы мүмкін.
Біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан атқаратын лауазымына келмейтіні туралы шешім аттестациялық комиссияның шешіміне негізделуге тиіс.
-Денсаулық жағдайына байланысты еңбек шарты бұзу.
Бұл жағдайда тиісті денсаулық сақтау органдарында медициналық тексеруден өтуі және медициналық қорытынды ұсынылуы тиіс.
Сіз өз еңбек құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жүгінуге құқығыңыз бар.
Басқарманың мекенжайы: Шымкент қаласы, С.Бәйтереков көшесі, 89
Байланыс нөмірі: +7 (7252) 27-38-35, 27-38-44.