Электрондық еңбек шарттарын ендіру

Электрондық еңбек шарттарын ендіру

Елбасының Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өндірістік революция жағдайларындағы жаңа мүмкіндіктер» атты жолдауын жүзеге асыру бойынша «Еңбек шарттарын электронды форматқа көшіруді қамтамасыз ету» және қала прокуратурасының «Жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің арасында еңбекақы, сыйақы, әлеуметтік төлемдерді кешіктірудің алдын алу» тапсырмасы бойынша, Шымкент қаласының еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының Мемлекеттік еңбек инспекторы Шарипов Ғалымжан Жасұзақұлы, «Қуатжылуорталық-3» ЖШС , «Адилет-Қазына» Коллекторлық агенттігі» ЖШС-нің
жұмыс берушілері мен жұмыскерлерін қатыстыра отырып, Еңбек заңнамасын кеңінен насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.