Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті, оның ішінде микрокәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту мақсатында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар
 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізу тоқтатылды. "Шымкент қаласының еңбек инспекция және көші-қон басқармасы" Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 159 бабының 1 тармағына сәйкес, жеке еңбек дауларын шешу үшін сот төрелігіне жүгінуге кеңес береді.