ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ СЕМИНАР

ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ СЕМИНАР

«Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев «Шымкент құс» ЖШС-нде Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы семинар-кеңес өткізді.

Бүгінгі семинарда Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер, ұжымдық шарт пен еңбек шарты, медиация жұмыстарын жүргізу, еңбек шарттарын «Enbek.kz» базасына енгізу, жалақы қарызы және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.