ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР

 Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевпен бірлесіп, Zoom платформасы арқылы КЭММ – 2030 ЖШС-нің қызметкерлерімен онлайн семинар-кеңес өткізді. Семинарда: өндірістегі еңбек қауіпсіздігі, жалақы қарыздарын болдырмау, ұжымдық пен еңбек шарттарын жасасу, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы және еңбек шарттарын enbek.kz порталына тіркеу міндетті екендігі, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалар және оны шешу бойынша қабылданған шаралармен ақпараттандыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.