ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ

Шымкент қаласындағы «Энергопоток» ЖШС-нің ұжымына жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалар және оны шешу бойынша қабылданған шаралармен ақпараттандыру бойынша онлайн семинар-кеңес өтті. Семинар-кеңеске Шымкент қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысты.
Семинарда қатысушыларға өндірістегі жазатайым оқиғалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздерін, сондай-ақ, еңбек жағдайын жақсарту жөнінде түсіндірді.
Жиында еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, дауларды шешу, медиация жұмыстарын жүргізу жөніндегі мәселелер қозғалды.