Департаменттегі аппараттық мәжіліс

Департаменттегі аппараттық мәжіліс
Департаменттегі аппараттық мәжіліс
Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Мақұлбавв басым бағыттар бойынша аппараттық мәжіліс өткізіп, жұмыс жүргізу бойынша тапсырма берді.
Департамент басшысының орынбасары С.Алиманов, Бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Мамадалиев, Ғ.Шарипов, У.Рустемова орындаушылық тәртіп, еңбеке қатынастарына байланысты, еңбек шарттарын жүйеге енгізу, жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырудың мән-жайы туралы толық мағұлымат беріп, шешу жолодары талқыланды.
1. Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ОСНС)
Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 15)-тармақшасына және 182-бабы 2-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен жоспар бойынша тамыз айында 512 жұмыс берушінің сақтандыру шартын түзіп, өз жұмыскерлерін сақтандыруы белгіленген.
2.Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕСУТД)
ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті.