Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері

Жалақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері

Жалақы келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей айына бір реттен сиретпей төленеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитова «Күмісай» бөбекжай-балабақшасы ЖШС-де болып, еңбек заңнамасын сақтау, еңбек жанжалдарын болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, жалақы төлеу кезінде жұмыс беруші әрбір жұмыскерге тиісті кезең ішінде оған тиесілі жалақының құрамдас бөліктері, жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері туралы, оның ішінде ұстап қалынған және аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы, сондай-ақ төленуге тиісті жалпы ақша сомасы туралы мәліметтерді жазбаша немесе электрондық нысанда ай сайын хабарлауға міндеттілігі айтылды.
Сондай-ақ, еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден жұмыскерге тиесілі сомаларды төлеу ол тоқтатылғаннан кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілетіндігі жеткізілді.