Департаментте басым бағыттар бойынша аппараттық мәжіліс өтті.

Департаментте басым бағыттар бойынша аппараттық мәжіліс өтті.

 

Департаментте басым бағыттар бойынша аппараттық мәжіліс өтті.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Мақұлбаев басым бағыттар бойынша  аппараттық мәжіліс өткізіп, жұмыс жүргізу бойынша тапсырма берді.

 Бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы У.Рустемова еңбеке қатынастарына байланысты, еңбек шарттарын жүйеге енгізу, жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырудың мән-жайы туралы толық мағұлымат берді. 

 

  1. Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ОСНС)

Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 15)-тармақшасына және 182-бабы 2-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен жоспар бойынша тамыз айында 512 жұмыс берушінің сақтандыру шартын түзіп, өз жұмыскерлерін сақтандыруы белгіленген.

 

2.Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕСУТД)

ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті. 

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі  

Комитет бекіткен жоспар бойынша жыл соңына дейін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізілген еңбек шарттарының санын 191 994-ке, шілде айында 188 417-ге жеткізу белгіленген.

Бүгінгі күнге жүйеге енгізілген еңбек шарттарының саны 194 068-ді құрап отыр.

Еңбек шарты мен әлеуметтік аударымдар бойынша сәйкессіздіктер.

Еңбек шартының болмауы бойынша сәйкессіздік - 2 548, тамыз айындағы жою жоспары - 255.

Міндетті зейнетақы жарнасының болмауы - 10447, тамыз айындағы жою жоспары – 1 045.

Аппараттық мәжілісте осы көрсетілген бағыттар бойынша жұмысты жандандырып, сәйкессіздіктерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі түсіндірілді.