
Балалардың еңбек ету құқығы туралы
Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ж.Мақұлбаев және бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Бектай М.Өтебаев атындағы жоғарғы жаңы технологиялар колледжінде бітіруші жас мамандармен кездесіп еңбек құқықтарын түсіндірді.
Кедесуді бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Бектай ашып еңбеке қатынастарына байланысты, еңбек шарттарын жүйеге енгізу, жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырудың мән-жайы туралы толық мағұлымат берді.
Алдағы жазғы демалыс кезінде қанша жастағы балаларға жұмыс істеуге болады?
Белгілі бір шарттар сақталған жағдайда кез келген жастағы балалар жұмыс істей алады.
Кәмелетке толмаған балалар қанша жастан жұмыс істеуіне болады?
16 жасқа толған азаматтармен тікелей еңбек шартын жасасуға жол беріледі.
1) орта білім беру ұйымында орта білім алған жағдайларда, 15 жасқа толған азаматтармен еңбек шартын түзуге болады.
2) оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін 14 жасқа толған оқушылармен еңбек шартын түзуге болады.
3) кинематография ұйымдарында, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін 14 жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін. Бұл еңбек шарттарына міндетті түрде заңды өкілдері да қол қоюы керек.
Қандай шарттар сақталуы керек?
Баланың оқуына, денсаулығына және имандылық тұрғысынан дамуына нұқсан келмеу керек.
Қандай шектеу бар?
Түнгі жұмысқа, үстеме жұмысқа, ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарға, сондай-ақ орындалуы олардың денсаулығы мен имандылық тұрғысынан дамуына зиян келтіруі мүмкін жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындарындағы жұмыс, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау мен сату) 18 жасқа толмаған азаматтармен еңбек шартын түзуге болмайды.
Оларды сақтандыру керек пе?
Еңбек Кодексінің талаптарына сәйкес, міндетті түрде сақтандыру керек.
Олардың жұмыс уақыты қандай?
14 жастан 16 жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 24 сағаттан аспайтын;
16 жастан 18 жасқа дейінгі жұмыскерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді.
Кәмелеке толмағандарды еңбек шартын жасаспай жұмысқа қабылдағандарға қандай жаза бар?
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 86-бабының 3-тармағына сәйкес мұндай әрекеттер
лауазымды адамдарға – 50, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 80, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 200 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.