
Департаменттің бөлім басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы А.Мамадалиевтің тарапынан «А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы» КММ ұжымында «Еңбек қатынастарының құқықтық негіздері» тақырыбында арнайы семинар -кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес барысында мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан Еңбек Кодексінде айқындалған жұмыс беруші мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын түзу, өзгерту, толықтыру, тәртіптік жаза қолдану, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысытарын беру, еңбек шартын бұзу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары, жұмыс орындарының қауіпсіздігі, өндірістік объектілерді аттестаттау, медициналық қарап-тексеруден өту талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жан-жақты пікірлер алмасылды.
Семинар-кеңес соңында мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан қатысушылардың қойған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.