Еңбек ұжымына түсіндіру жүргізілді

Еңбек ұжымына түсіндіру жүргізілді

    

           Департаменттің бөлім басшысы - мемлекеттік еңбек инспекторы А.Мамадалиевтің тарапынан «ЕвроКристалл» ЖШС ұжымына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша арнайы түсіндіру жүргізілді.

         Түсіндіру барысында мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан Еңбек Кодексінде айқындалған еңбек қауіпсіздігі бойынша жұмыс беруші мен жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері, жұмыс орындарының қауіпсіздігі, өндірістік объектілерді аттестаттау, медициналық қарап-тексеруден өту талаптары жөнінде жан-жақты пікірлер алмасылды.

         Семинар-кеңес соңында мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.