«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұжымында еңбек заңнамасы бойынша семинар-кеңес өтті

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұжымында еңбек заңнамасы бойынша семинар-кеңес өтті

 

         2026 жылдың 05 мамыры күні Шымкент қаласындағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ ұжымында мемлекеттік еңбек инспекторы А.Мамадалиевтің қатысуымен арнайы семинар-кеңес өткізілді.

         Семинар-кеңес барысында мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан бүгінгі күнгі қолданыстағы еңбек заңнамалары талаптарының жай-жапсарлары түсіндірілді.

         Сонымен қатар, Еңбек және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстеріне 2026 жыл басынан енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде таныстырылып, жаңа талаптар бойынша жан-жақты талқылау жүргізілді. 

         Семинар-кеңес соңында мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.