Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі

           Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Алиманов басым бағыттар бойынша  аппараттық мәжіліс өткізіп, жұмыс жүргізу бойынша тапсырма берді.

        Бөлім басшысы-мемлекеттік еңбек инспекторы Ғ.Шарипов еңбеке қатынастарына байланысты, еңбек шарттарын жүйеге енгізу, жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырудың мән-жайы туралы толық мағұлымат берді. 

 

  1. Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ОСНС)

Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 15)-тармақшасына және 182-бабы 2-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен жоспар бойынша жыл соңына дейін 2150, оның ішінде мамыр айында 239 жұмыс берушінің сақтандыру шартын түзіп, өз жұмыскерлерін сақтандыруы белгіленген.

 

2.Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕСУТД)

ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті. 

Министрлік бекіткен жоспар бойынша жыл соңына дейін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізілген еңбек шарттарының санын 191 994-ке, мамыр айында 186 987-ге жеткізу белгіленген.

Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі ақпаратқа сәйкес міндетті зейнетақы жарналары аударылған жұмыскерлердің саны мен еңбек шарты түзілген жұмыскерлердің саны аралығында сәйкессіздіктер бар. Яғни, еңбек шарттары түзілмеген жұмыскерлер бар екендігі анықталған.

Зейнетақы жарналары аударған еңбек шартын түзбеген жұмыс берушілердің саны 2 985, мамыр айында жою жоспары 299, сәйкестендіргені 47 құрап отыр.

Сонымен қатар, еңбек шарттары түзілген, алайда зейнетақы жарналары аударылмаған жұмыскерлер санындағы сәйкессіздіктері бар жұмыс берушілердің саны 12 567, сәуір айындағы жою жоспары 3 519 болып белгіленген.

Осы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жұмысты жандандырып, сәйкессіздікерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.