Жасанды интелект уақыт талабы

Жасанды интелект уақыт талабы

          «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастырылуымен «Еңбек қауіпсіздігі саласындағы жасанды интелект, Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі»  бойынша жұмыс беруші кәсіпкерлермен семинар-кеңес өткізілді.

        Семинар-кеңес басырыснда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Алиманов басым бағыттар бойынша  түсіндірме жүргізді.

       Министрлікпен әлеуметтік-еңбек саласының бірқатар бағыттар бойынша жасанды интеллект шешімдерін енгізуді белсенді түрде іске асыруда.

Соның ішінде:

еңбек қауіпсіздігі саласында – травматизмнің алдын алу, кәсіби тәуекелдерге талдау, заң бұзушылықтарға бақылау жүргізуде;

еңбек нарығы және жұмыспен қамту саласында – цифрлық жұмыспен қамту қызметі, кәсіби дағдыларды іріктеу, кәсіби стандарттарды әзірлеуде пайдаланылатын болады.

Бүгінгі күні пилоттық режимде енгізіліп, тестілеуден өтуде.

       Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕСУТД)

       ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті. 

      Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі ақпаратқа сәйкес міндетті зейнетақы жарналары аударылған жұмыскерлердің саны мен еңбек шарты түзілген жұмыскерлердің саны аралығында сәйкессіздіктер бар. Яғни, еңбек шарттары түзілмеген жұмыскерлер бар екендігі анықталған.

      Зейнетақы жарналары аударған еңбек шартын түзбеген жұмыс берушілердің саны 2 985, мамыр айында жою жоспары 299.

     Сонымен қатар, еңбек шарттары түзілген, алайда зейнетақы жарналары аударылмаған жұмыскерлер санындағы сәйкессіздіктері бар жұмыс берушілердің саны 12 567, мамыр айындағы жою жоспары 3 519 болып белгіленген.

      Осы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша жұмысты жандандырып, сәйкессіздікерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.

       2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне еңбек шарттарын есепке алу саласындағы ашықтық пен тәртіпті арттыруға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді. Осыға сәйкес Кодекстің 98-бабының 1.1. тармағына сәйкес жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізубеу немесе уақтылы енгізбеу, толық көлемде енгізбеу, анық емес және (немесе) дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылығы –

лауазымды адамдарға – отыз , шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс (259 500 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен (346 000 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу (648 750 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

HR Enbek порталында (hr.enbek.kz) жұмыскерлер өзекті емес мәліметтерді өз бетінше түзету үшін сұраным жібере алады. Жұмыс берушімен байланысу мүмкіндігі болмаса, түзету сұранымын жеке кабинет арқылы тікелей жолдауға болады.

      Сұранымды қалай жіберуге болады:

enbek.kz порталындағы жеке кабинетке кіріңіз.

«Электрондық еңбек кітапшалары» модуліне өтіңіз.

Тиісті еңбек шартын таңдап, әрекетті көрсетіңіз: «Редакциялау», «Жою» немесе «Тоқтату».

Форманы толтырып, сұранымды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы ол қойыңыз.

Өтінім «Түзетуге арналған сұранымдар» қосымша бетінде көрсетіледі, онда өтінімнің мәртебесін бақылауға болады.

Жұмыс берушіге сұранымды қарауға 3 жұмыс күні беріледі.

Жауап болмаған жағдайда өтінім автоматты түрде уәкілетті органға

жолданады.

      Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ОСНС).

     Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15)-тармақшасына және 182-бабы 2-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.

     Сондай ақ, Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1-1)-тармақшасында сақтанушы, яғни жұмыс беруші өзінің қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті екендігі белгіленген.

      Заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады, яғни жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жыл сайын жасалып отыруы тиіс.

Өз кезегінде, сақтандыру шарттарын жасамаған жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 230-бабының 2-тармағына сәйкес жауапкершілік қаралған,

жеке тұлғаларға – он (43 250 теңге), лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс (692 000 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз (1730 000 теңге), ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың (4 325 000 теңге) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

    Кәсіптік тәуекелдерді бағалау

     Еңбек Кодексінің 16-бабының 1-тармағы 41-2-тармақшасына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын әзірлейді және бекітеді, Кодекстің 203 бабына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес кәсіптік тәуекелдерді басқару рәсімдерінің жүргізілуін ұйымдастырады, өндірістік кеңес шешімдері жұмыс беруші және жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады.