Еңбек шартын жасасыңыздар!

Еңбек шартын жасасыңыздар!

     

        Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылдың 30 сәуірі күні ҚР ЕжХӘҚМ  Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлім басшысы Ғ.Шарипов «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-нің басшылығы мен әкімшілік қызметкерлерімен кездесу өткізді. 

         Кездесу барысында жұмыс орнында әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша, сондай-ақ, еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын жалдамалы қызметкерлерді заңдастырып «Еңбек шартын жасасыңыздар!» атты тақырыпқа тоқталып, еңбек шартымен жұмыс жасаған жұмыскерлердің әлеуметтік кепілдіктері талқыланып, еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.