
2026 жылдың 28 сәуірі күні Департаменттің ұйымдастыруымен «28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне арналған арнайы семинар - кеңес өткізілді.
Семинар - кеңеске Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығының, жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясының өкілдері, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» АҚ-ның шымкент филиалының басшысы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекторлары, ірі кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары мен еңбек қауіпсіздігі қызметі басшылары мен мамандары және БАҚ өкілдері қатысады.
Семинар-кеңес барысында «28 сәуір-Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күнінің маңыздылығы атап өтіліп:
1.Шымкент қаласы кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі;
тақырыптарында баяндамалар жасалып, қатысушылармен талқыланып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар-кеңес соңында 2025 жыл қорытындысы бойынша қала аумағында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауда және «Еңбекті қорғау айлығы» қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен мамандар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.