«Еңбек шартын жасасыңыз!» іс-шарасы жалғасуда.

«Еңбек шартын жасасыңыз!» іс-шарасы жалғасуда.

             2026 жылдың 24 сәуірінде «Еңбек шартын жасасыңыздар!» шарасы, кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыс жоспары аясында ҚР ЕжХӘҚМ  Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлім басшысы Ғ.Шарипов, Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыруымен Еңбек мобилді орталығының басшылығымен бірлесіп, Қаратау ауданында орналасқан жұмыс берушілермен кездесу өткізді.

        Кездесу барысында жұмыс орнында әділ еңбек жағдайларын және қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан жыл сайын сақтандыру шарттарын жүргізу, сондай-ақ, еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру, еңбек шарттарын Enbek.kz жүйесіне енгізу бойынша, еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

#Qurmet