Шетелдік жұмыскерлермен еңбек шартының жасалуы міндетті

Шетелдік жұмыскерлермен  еңбек шартының жасалуы міндетті

     Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаментінде ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің (БП ҚС және АЕАЖК) өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры С.Кәрібайдың қатысуымен кездесу өтті.

 БП ҚС және АЕАЖК Шымкент қаласы бойынша департаментінің  2026 жылғы 16- наурыздағы № 2-22-26-00619 ұсынуын қаралды.

       Жиналысты Департамент басшысының орынбасары С.Алиманов  ашып, ұсынуда көрсетілген кейбір фактілер бойынша осыған дейін бөлім басшысы мен мамандар тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын. Еңбек кодексінің 66 бабының 2 бөліміне сәйкес тәртіптік жазаны – тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты ай өткеннен кейін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген немесе ревизия немесе жұмыс берушінің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша тәртіптік теріс қылық анықталған жағдайларда жұмыскер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін қолдануға болмағаны айтып өтті.

     Алдағы уақытта ұқсас кемшіліктерге жол бермеу мақсатында еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қатаң бақылауға алынып бұл бағытта тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағында еңбек жалақысы қалыптасқан мекемелерді алдын ала анықтау жұмыстары жүргізіліп, үнемі мониторинг жасалуда.

Сонымен қатар, төрағалық етуші, жұмысқа ресми өкілетті органдар бекіткен квотаға сәйкес жұмысқа тартылған шетелдіктер мен еңбек шартын жасауға міндетті екені айтылып өтті.

Еңбек шартын жасау оны есепке алу жүйесіне енгізу (ЕСУТД)

Еңбек Кодексінің 23-бабының 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (hr.enbek.kz) енгізуге міндетті.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті бекіткен жоспар бойынша жыл соңына дейін еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізілген еңбек шарттарының санын 191 994-ке, сәуір айында 186 272-ге жеткізу белгіленген. Бүгінгі күнге жүйеге енгізілген еңбек шарттарының саны 194866-ті құрап отыр.

2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне еңбек шарттарын есепке алу саласындағы ашықтық пен тәртіпті арттыруға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар күшіне енеді. Осыға сәйкес Кодекстің 98-бабының 1.1. тармағына сәйкес жұмыс берушінің қызметкермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізубеу немесе уақтылы енгізбеу, толық көлемде енгізбеу, анық емес және (немесе) дұрыс емес ақпарат енгізу түрінде жасалған бұзушылығы –

лауазымды адамдарға – отыз , шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс (259 500 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен (346 000 теңге), ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу (648 750 теңге) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

HR Enbek порталында (hr.enbek.kz) жұмыскерлер өзекті емес мәліметтерді өз бетінше түзету үшін сұраным жібере алады. Жұмыс берушімен байланысу мүмкіндігі болмаса, түзету сұранымын жеке кабинет арқылы тікелей жолдауға болады.

Сұранымды қалай жіберуге болады:

enbek.kz порталындағы жеке кабинетке кіріңіз.

«Электрондық еңбек кітапшалары» модуліне өтіңіз.

Тиісті еңбек шартын таңдап, әрекетті көрсетіңіз: «Редакциялау», «Жою» немесе «Тоқтату».

Форманы толтырып, сұранымды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойыңыз.

Өтінім «Түзетуге арналған сұранымдар» қосымша бетінде көрсетіледі, онда өтінімнің мәртебесін бақылауға болады.

Жұмыс берушіге сұранымды қарауға 3 жұмыс күні беріледі.

Жауап болмаған жағдайда өтінім автоматты түрде уәкілетті органға

жолданады.

 

Кездесу соңы пікір алмасу мен сұрақ жауапқа ұласты.

#Qurmet