
2026 жылдың 14 сәуірінде «Еңбек шартын жасасыңыздар!» шарасы, кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыс жоспары аясында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлім басшысы Ғ.Шарипов, Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты Кәсіпкерлік қолдау бөлімінің бас инспекторы М.Қайратұлымен бірлесіп, Қаратау ауданында орналасқан шағын кәсіпкерлік субъектілерінде, оның ішінде көлік жуу орталықтарында жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында жұмыс орнында әділ еңбек жағдайларын және қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша, сондай-ақ, еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша талқыланды және еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
#Qurmet