
Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру
жұмыс берушінің міндеті.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы Шымкент қаласы бойынша департаментінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Шымкент қаласы филиалы өкілдерінің және жұмыс берушілердің қатысуымен кездесу өтті.
Кедесуді Департамент басшысының орынбасары С.Алиманов ашып жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырудың мән-жайы туралы толық мағұлымат берді.
Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15)-тармақшасына және 182-бабы 2-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.
Сондай ақ, Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1-1)-тармақшасында сақтанушы, яғни жұмыс беруші өзінің қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті екендігі белгіленген.
Заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады, яғни жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жыл сайын жасалып отыруы тиіс.
Өз кезегінде, сақтандыру шарттарын жасамаған жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 230-бабының 2-тармағына сәйкес жауапкершілік қаралған, жеке тұлғаларға – он (43 250 теңге), лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз алпыс (692 000 теңге), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз (1730 000 теңге), ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың (4 325 000 теңге) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кездесуде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Шымкент қаласы филиалының директоры М.Бектаев сөз сөйлеп Мемлекеттік аннуитеттік компанияның жұмысы бойынша және жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырудың маңызды тетіктеріне тоқталды.
Кездесу соңы пікір алмасу мен сұрақ жауапқа ұласты.
#Qurmet