ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ

ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ

ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАУ ОНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ МІНДЕТІ.

ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ САҚТАНДЫРУ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ.

  • Департамент басшысының орынбасары С.Алиманов Шымкент медицина академиясында кездесу өткізіп медицина және фармацевтика саласы қызметкерлерінің және жас мамандарының қатысуымен еңбек заңнамаларына түсіндірме жүргізі.
  • Кездесу барысында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін мән-жайлар, еңбек шартының жасалу міндеттілігі, жұмыс уақыты, жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттері және жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департамент басшысының орынбасары Алиманов Серік Бахтыгерейұлы баяндама жасады.
  • Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабының 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті.

2026 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне еңбек шарттарын есепке алу саласындағы ашықтық пен тәртіпті арттыруға бағытталған өзгерістер күшіне енеді.

Осыған байланысты HR Enbek порталында (hr.enbek.kz) жұмыскерлер өзекті емес мәліметтерді өз бетінше түзету үшін сұраным жібере алады. Жұмыс берушімен байланысу мүмкіндігі болмаса, түзету сұранымын жеке кабинет арқылы тікелей жолдауға болады.

Сұранымды қалай жіберуге болады:

enbek.kz порталындағы жеке кабинетке кіріңіз.

«Электрондық еңбек кітапшалары» модуліне өтіңіз.

Тиісті еңбек шартын таңдап, әрекетті көрсетіңіз: «Редакциялау», «Жою» немесе «Тоқтату».

Форманы толтырып, сұранымды электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойыңыз.

Өтінім «Түзетуге арналған сұранымдар» қосымша бетінде көрсетіледі, онда өтінімнің мәртебесін бақылауға болады.

Жұмыс берушіге сұранымды қарауға 3 жұмыс күні беріледі. Жауап болмаған жағдайда өтінім автоматты түрде уәкілетті органға жолданады.

Толық нұсқаулық hr.enbek.kz/reference-information?tab=instructions сілтемесінде қолжетімді.

 

  • Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 15)-тармақшасына және 182-бабы 2-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1-1)-тармақшасында сақтанушы, яғни жұмыс беруші өзінің қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті екендігі белгіленген.

Сондай-ақ, Заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады, яғни жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жыл сайын жасалып отыруы тиіс.

Өз кезегінде, сақтандыру шарттарын жасамаған жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 230-бабының 2-тармағына сәйкес жауапкершілік қаралған, деп атап өтіп.

Одан әрі, кездесуге қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.

#Qurmet