«Еңбек шартын жасасыңыз!»

«Еңбек шартын жасасыңыз!»

        «Еңбек шартын жасасыңыз!» іс-шарасы жалғасуда.

        2026 жылдың 31 наурыз күні кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыс жоспарының аясында, ҚР ЕжХӘҚМ  Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Г.Сеитова «Зере» жалпы білім беретін мектебі ЖШС-нің басшылығы мен жұмыскерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

     Кездесу барысында жұмыс орнында әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау, сондай-ақ, еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.