«Еңбек шартын жасасыңыз!» іс-шарасы жалғасуда.

«Еңбек шартын жасасыңыз!» іс-шарасы жалғасуда.

2026 жылдың 26 наурыз күні «Еңбек шартын жасасыңыздар!» шарасы, кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыскерлердің құқықтарын қорғау, әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыс жоспары аясында ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлім басшысы Ғ.Шарипов «Нефтереммаш» ЖШС-нің басшылығы мен жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында жұмыс орнында әділ еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек жанжалдарын болдырмау және еңбек заңнамасын сақтау бойынша, сондай-ақ, еңбек шартынсыз жұмыс жасайтын жалдамалы қызметкерлерді заңдастыру бойынша талқыланды және еңбек мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.