
Мемлекеттіки еңбек инспкциясы комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің жұмыс жоспарына сәйкес «Play park» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыскерлермен кездесіп еңбек заңнамаларына түсіндірме жүргізді.
Мәжілісте, Департамент басшысының орынбасары-мемлекеттік еңбек инспекторы С.Алиманов еңбек шарттарын түзу, оларды есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жұмыс берушінің міндеті екеніне тоқталып, еңбек заңнамаларын кеңінен түсіндіріп өтті.
Алдағы жылы министрліктің негізгі жұмысы ретінде уақытша жұмыспен қамтудан тұрақты әрі сапалы жұмыс орындарын құруға көшу, еңбек мобильділігін арттыру және білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттіліктерімен тығыз байланыстыру жоспарланып отыр. Арнайы көңіл жастарға, соның ішінде NEET санатындағы азаматтарға бағытталады.
Сонымен қатар, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, цифрландыруды тереңдетуге және еңбек нарығын дамытуға басымдық беріледі. Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Сондай-ақ, еңбек қауіпсіздігін күшейту, формальды емес жұмыспен қамтуды азайту және әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады. Министрлік алға қойылған міндеттерді іске асыру арқылы әлеуметтік-еңбек саласының орнықты дамуын қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Өңірлерде жазатайым оқиғалардан жұмыскерлерді міндетті сақтандыру шартын жасау, еңбек шарттарын біріңғай жүйеге енгізу, ұжымдық шарттарды цифрландыру, кәсіптік тәуекелдерді бағалау және профилактикалық бақылау жүргізу жұмыстары да басым бағыттар болып қала береді.
Комитет алдағы кезеңде де мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға, алдын алу шараларын күшейтуге және еңбек саласындағы заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуге басымдық бермек.
Еңбек Кодексінің 23-бабының 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2026 жылдың 12-наурызынан бастап еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты белгіленген мерзімдерде енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу бұзушылығы –
лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді."
Сонымен қатар, мәжілісте, мемлекеттік еңбек инспекторы Н.Бектай «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1-1)-тармақшасында сақтанушы, яғни жұмыс беруші өзінің қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті екендігі белгіленген, атап өтті.
Өз кезегінде, сақтандыру шарттарын жасамаған жұмыс берушілерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 230-бабының 2-тармағына сәйкес жауапкершілік қаралған, деп атап өтіп.