Еңбек шарттарына тіркеудің біріңғай жүйесіне (ЕШТБЖ) енгізбеу әкімшілік жауапкершлікке әкеп соғады.

Еңбек шарттарына тіркеудің біріңғай жүйесіне (ЕШТБЖ) енгізбеу әкімшілік жауапкершлікке әкеп соғады.

ҚР ҰКП «Атамекен» Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында   Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлердің салалық кеңеснің отырысы өтіп Еңбек шарттарына тіркеудің біріңғай жүйесіне (ЕШТБЖ) енгізу мәселесі сала кәсіпкерлеріне басымдақпен түсіндірілді.  

Отырыста Департамент басшысының орынбасары-мемлекеттік еңбек инспекторы С.Алиманов еңбек шарттарын түзу, оларды есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жұмыс берушінің міндеті екеніне тоқталып, еңбек заңнамаларын кеңінен түсіндіріп өтті.

Еңбек Кодексінің 23-бабының 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2026 жылдың 12-наурызынан бастап еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне ақпаратты белгіленген мерзімдерде енгізбеу немесе уақтылы енгізбеу бұзушылығы –

      лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді."

Сонымен қатар, «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1-1)-тармақшасында сақтанушы, яғни жұмыс беруші өзінің қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті екендігі белгіленген.

Өз кезегінде, сақтандыру шарттарын жасамаған жұмыс берушілерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 230-бабының 2-тармағына сәйкес жауапкершілік қаралғанын, атап өтті.