Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

2026 жылдың 24 ақпанында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде колледж ұжымы мен студенттеріне арналған жаңа Қазақстан Республикасы Конституциясы жобасын түсіндіру және насихаттау мақсатында мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында ұйымдастырылды.

Жиынға Шымкент қаласы еңбек инспекциясының мемлекеттік инспекторы Н.Бектай қатысып, Конституция жобасының маңызы туралы айтып өтті.

Конституцияның алғы сөзінде «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асыру, Заң мен Тәртіп қағидатын ұстану, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау негізгі басымдықтардың бірі екені атап өтіледі. Сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту, этносаралық және конфессияаралық татулықты сақтау, мәдениет пен білімді, ғылым мен инновацияны дамыту, табиғатты аялау және барлық елмен бейбіт әрі достық қарым-қатынас орнату құндылықтары қамтылған.

Кездесу барысында Конституция жобасының мазмұны кеңінен талқыланып, құқықтық сауаттылықты арттыру мен азаматтық белсенділікті қалыптастырудың маңыздылығы айтылды. Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алды.

#Qurmet