Кездесуге Департамент ұжымы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілі Ж.Альжанова, теолог маман Н.Әбдіманап, Қаратау аудандық полиция басқармасының өкілі Қ.Қосназарлар қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңнамалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:
Мемқызмет істері департаменті өкілі Ж.Альжанова мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы соңғы жаңалықтармен таныстырып, мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа пилоттық жобасы, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс негізінде білім алып, үздік нәтижемен аяқтаған түлектер үшін конкурстан тыс кіру мүмкіндігі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерімен өзара әрекеттестікті орнату және дамыту, бірлесіп профилактикалық іс-шаралар өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жаңарту, типтік бұзушылықтарды және олардың туындау себептерін талдау, мүдделер қақтығысы мәселелері және оны реттеу, профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының тиімділігі, мемқызметшілердің құқықтық жағдайы, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, әлеуметтік кепілдіктері, қызметті тоқтату, қаржылық бақылау шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық жөнінде түсіндірді.
Теолог маман Н.Әбдіманап мемқызметшілердің іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау мәселелерін түсіндірді.
Сондай-ақ, Қаратау АПБ өкілі Қ.Қосназар бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстар, оның ішінде «Ойын бизнесі туралы» ҚР Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу, телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу, мемқызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде басқару, мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау жөнінде түсіндіріп берді.