2020 жылы 9 ай көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша

2020 жылы 9 ай көлемінде атқарылған жұмыстар бойынша

Еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

2020 жылдың 9 айында басқарма тарапынан 819 азаматтардың  арыз-шағымдары мен мекемелердің хаттары қаралып заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді.

Есепті кезеңде 140 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 164 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде еңбек қатынастары туралы – 124, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 30, халықты жұмыспен қамту – 10.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде 143 жойылды немесе заңға сәйкестендірілді. Бұзушылықтардың негізінде 73 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 3,024  теңге көлемінде 27 әкімшілік айыппұл салынды.

 

Жалақы қарызы бойынша берешек

Есепті кезеңде 5 кәсіпорында 37 жұмыскерге 3,3 млн. теңге жалақы қарызы қордаланып отыр.

АНЫҚТАМА:

- " Кузет Химмонтаж " ЖШС - 13 жұмыскерге 0,8 млн. теңге;

- " SAUDAINVEST " ЖШС - 5 жұмыскерге 0,5 млн. теңге.

- " Euromed Center "  ЖШС - 14  жұмыскерге 1,5 млн. теңге; 

- " Heart Clinic "  ЖШС - 4 жұмыскерге 0,3 млн. теңге; 

- " Дархан Group " ЖШС – 1 жұмыскерге 0,24 млн.теңге;

Аталған кәсіпорындардың жалақы қарызын өтемей отыру себебі 2 кәсіпорынның жұмыс істемей тұруы, 1 кәсіпорынның экономикалық жай-күйі нашарлауына байланысты және 2 кәсіпорынның басшыларына қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі таңда жауапкершілігі сотта қарастырылуы себеп болуда.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы тексерулер барысында 37 кәсіпорында 337 жұмыскерлердің 33,6 млн.теңге көлеміндегі жалақы қарыздары мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен өтелді.

 

Ұжымдық шарт бойынша:

Шымкент қаласы бойынша, 2020 жылдың 9 айында 1261 ұжымдық шарт Басқармадан мониторингтен өткізілді. 

Қабылданған ұжымдық шарттардың 552 – мемлекеттік мекемелер,  709 - жеке кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік мекемелердің ішіндегі ұжымдық шарттың түзілу көрсеткіші: ірі – 61 (жалпы 65) немесе 93,8%, орта – 160 (жалпы 162) немесе 98,8%, шағын – 331 (жалпы 331) немесе 100%. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде: ірі – 51 (жалпы 75) немесе 68,0%, орта – 47 (жалпы 164) немесе 28,7%, шағын – 611 (барлығы 15 416) немесе 4%.

Қаламызда 23 704 заңды тұлға тіркелген болса, оның 16 204 белсенді жұмыс атқаруда. Белсенді жұмыс атқаратын заңды тұлғаларға шаққанда түзілген ұжымдық шарттың деңгейі 7,8 %.

Өндірістік жарақаттың жағдайы

2020 жылдың 9 айында Шымкент қаласында 30 жазатайым оқиға орын алып, 34 адам зардап шекті, оның ішінде 11 адам ауыр жарақат алған, 4 адам қайтыс болған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» №790 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының 2018-2020 жылдарға арналған мақсаттық индикаторлардың Өндірістік жарақаттану деңгейі (1000 адамға оқиғалардың жилік коэффиценті) 2020 жылдың соңына дейін – 0,33 болып бекітілген. Бұл көрсеткіштің орындалуы бүгінгі таңда 0,12%.

Жалпы жүргізілген түсіндіру жұмыстарымен жазатайым оқиғалар орын алған кәсіпорындардың өкілдерін әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша, Үш жақты комиссия отырысына шақырылып, жазатайым оқиғаларға жол бермеу оларың алдын-алу шараларын қарастыру бағытында нақты тапсырмалар беру нәтижесінде өндірістік жарақаттардың саны біршама азайған.

Электрондық еңбек шартын түзу бойынша:

Еңбек кодексіне 2020 жылдың 4 мамырында енгізілген өзгерістерге сәйкес, еңбек шартын жасасу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жүргізілуі мүмкін екендігі белгіленген. Осыған байланысты, бүгінгі күнде қаламыздағы барлық кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек шарттарының электронды нысанда жасалуы тұрақты бақылауға алынып, күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 9 айында Шымкент қаласы бойынша 1 883 кәсіпорын 64 247 еңбек шарттарын арнайы жүйеге енгізген.