
Шымкент қаласы прокуратурасы өкілдері мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департантінің мамандары өндірістерде жұмыскерлерге еңбек құқықтарын түсіндіруде.
Жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынасы түзілген еңбек шартына сәйкес туындайды.
Еңбек Кодексінің 23-бабына сәйкес жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті.
Еңбек шарты жазбаша нысанда кемінде екі данада жасалады және оған тараптар қол қояды. Еңбек шартының бір-бір данасы жұмыскер мен жұмыс берушіде сақталады.
Еңбек шартын жасасу, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жүргізілуі мүмкін.
Жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті.
Жұмыс берушінің адамды еңбек шартын жасаспай жұмысқа жіберуі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 86 бабына сәйкес жауаптылыққа тартылады.
лауазымды адамдарға – отыз ((АЕК -4325) -129720 теңге), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс (259500 теңге), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен (346000 теңге), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу (648750 теңге) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.