Денсаулық сақтау саласы мекемелерімен семинар-кеңес өтті.

Денсаулық сақтау саласы мекемелерімен  семинар-кеңес өтті.

«AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау және қоғамдық қызмет көрсетуқызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы және Түркістан облысы филиалы төрайымы Р.Агниязованың ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласы мекемелерінің қызметкерлерімен семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңесті қоғамдық бірлестіктің Шымкент қаласы және Түркістан облысы филиалы төрайымы Р.Агниязова ашып, қолданыстағы заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгерістер туралы айтып, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары-мемлекеттік еңбек инспекторы С.Алимановқа сөз берді.

Семинар-кеңесте С.Алиманов,  Еңбек кодексінің 23-бабының 2-тармағы 27-тармақшасына сәйкес, жұмыс берушілер еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу, тоқтату және өзге де мәліметтер туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (enbek.kz) енгізуге міндетті. 

Сонымен қатар, жұмыс берушінің жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартын жасау міндеттілігі туралы тоқталып Департаменттің бөлім басшысы А.Мамадалиевке баяндама жасайтынын атап өтті.

А.Мамадалиев баяндамасында, Еңбек Кодексінің  23-бабы 2-тармағының 15)-тармақшасына және 182-бабы 2-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға және жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметті еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберуге міндетті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Заңының (әрі қарай - Заң) 8-бабы 2-тармағының 1-1)-тармақшасында сақтанушы, яғни жұмыс беруші өзінің қызметін жүзеге асыруды бастаған айдан кейінгі айдың бірінші онкүндігі ішінде сақтандырушымен қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті екендігі белгіленген.

Сондай-ақ, Заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру шарты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, ол күшiне енгiзiлген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады, яғни жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарты жыл сайын жасалып отыруы тиіс.

Өз кезегінде, сақтандыру шарттарын жасамаған жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 230-бабының 2-тармағына сәйкес жауапкершілік қаралған, деп атап өтіп.

Мәселенің Үкіметтің бақылауында екендігін ескеріп, тиісті заңнамалардың орындалуын жүзеге асыру мақсатында жұмыс берушілерге сақтандыру шартын түзу міндеттілігін ескертіп, нәтижесін Департаментке (тел: 8702 254 97 98 немесе shym_trud@mail.ru. эл. почтасына) хабарлауды сұрады.

Семинар-кеңес соңы сала мамандарының сұрақтарына жауап берумен жалғасты.