Құрылыс басында еңбек заңнамаларына түсіндіру өткізілді.

Құрылыс басында еңбек заңнамаларына түсіндіру өткізілді.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысының орынбасары С.Алиманов Шымкент қаласы Тұран шағын ауданында көпқабатты үйлер салынып жатқан құрылыс алаңында  «Отау Строй» ЖШС, «West Side KZ» ЖШС, «Компания Юг Пласт» ЖШС және «Туран Строй Ком» ЖШС-ның еңбек ұйымының өкілдері мен жұмыскерлерінің қатысуымен 27.11.2025 жылы  жиналыс,  құқықтық сабақ өткізді.

         Жиналыс, құқықтық сабақ барысында, Еңбек кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 27 бабының 2) тармағына сәйкес міндеттемелерді еңбек тәртіптемесіне бағына отырып жеке орындауы, осы баптың  3) тармағына сәйкес жұмыскердің еңбегі үшін жалақы алуы шарттардың өзге түрлерінен еңбек шартының ерекше белгілері болып табылады.

Кодекстің 33 бабының 3 тармағына сәйкес адамды жұмысқа жіберу еңбек шартын жасасқаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Жұмыс берушінің кінәсінен еңбек шарты болмаған және (немесе) тиісті түрде ресімделмеген жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады. Бұл жағдайда еңбек қатынастары жұмыскер жұмысқа кіріскен күннен бастап туындады деп есептеледі.

Сонымен қатар, Кодексінің талабына сәйкес жұмыс беруші:  кәсіптік тәуекелге бағалау жүргізуге және профилактика жүргізу, өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерді неғұрлым қауіпсіз түрлеріне ауыстыру арқылы оны барынша азайту және болғызбау жөнінде шаралар қолдануға міндетті екені атап өтілді.   

Жұмыскерлер өздерін ойландырған сұрақтары бойынша маманнан жапуаптар алды.