«Еңбек шарты және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар: жасасу тәртібі, тәуекелдер және бұзушылықтардың салдары»

«Еңбек шарты және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар: жасасу тәртібі, тәуекелдер және бұзушылықтардың салдары»

Семинарды еңбек жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Сеитова Г.С. жүргізді.

Іс-шара барысында қатысушыларға келесі мәселелер егжей-тегжейлі түсіндірілді:

  • еңбек шартын рәсімдеу кезінде талап етілетін міндетті құжаттар тізбесі;
  • еңбек шартының мазмұны мен құрылымы;
  • еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыс берушілердің әкімшілік жауапкершілікке, соның ішінде қамауға алыну жағдайлары;
  • еңбек шартын бұзу негіздері мен тәртібі;
  • жұмыстан босатылған кезде қызметкерлерге берілетін кепілдіктер;
  • жұмыс берушілер тарапынан жиі кездесетін бұзушылықтар (нақты мысалдар келтірілді);
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарды (АҚШ) жасасуға қатысты нормативтік-құқықтық база;
  • АҚШ жасасу кезінде жиі кездесетін қателіктер мен олардың салдары;
  • кейбір жағдайларда АҚШ еңбек шарты ретінде танылуы мүмкін жағдайлар.

Семинар барысында еңбек заңнамасын іс жүзінде қолдану, еңбек шарттарын жасасу мен бұзу кезіндегі қателіктерді болдырмау, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.

Осындай іс-шаралар еңбек заңнамасы саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға, бұзушылықтардың алдын алуға және жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталған.