Шымкент қаласында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің қалалық департаменті бөлім басшысы Ғ. Шарипов, қала әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Құрылыс басқармасымен бірлесіп құрылыс алаңында түсіндіру жұмыстарын өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты – құрылыс нысандарында еңбек қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.