Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 26 қыркүйекте Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 26 қыркүйекте Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін қолжетімді ету. Іс-шара барысында кез келген тұрғын еліміздің заң қоғамдастығының үздік өкілдерінен тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Аталған шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті де белсене қатысты. Департаменттің бөлім басшысы Ғ. Шарипов азаматтарға еңбек заңнамасы бойынша кеңес берді.