"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті" РММ қызметкерлерге арналған семинар сабағы өткізілді.
Іс-шара аясында қаралды:
- ҚР Еңбек кодексінің - 14-тарауы-ұжымдық шартты жасасу және орындау мәселелері;
- ҚР Еңбек кодексінің -15-тарауы-жеке еңбек дауларын қарау тәртібі;
- - ҚР Еңбек кодексінің 16-тарауы-ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі. Cеминар барысында қызметте анықталған практикалық мысалдар талқыланды, сондай-ақ заңнаманың жекелеген ережелері түсіндірілді. Қатысушылар жұмыс барысында туындайтын сұрақтарға жауаптар және еңбек құқығы нормаларын қолдану бойынша ұсынымдар алды. Мұндай іс-шараларды өткізу еңбек инспекторларының кәсіби даярлығын арттыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және еңбек қатынастары саласындағы мәселелерді тиімді шешуге ықпал етеді.