Брифинг барысында еңбек инспекциясының 7 айда атқарған жұмыстары бойынша есеп берілді

Брифинг барысында еңбек инспекциясының 7 айда атқарған жұмыстары бойынша есеп берілді

2025 жылдың 8 тамызы күні Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Ж.Мақұлбаев Шымкент қаласындағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен арнайы брифинг өткізді. Брифинг барысында еңбек инспекциясының 7 айда атқарған жұмыстары бойынша есеп беріліп, қаладағы еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігінің жай-күйі талқыланды. Жалақы қарыздарын жою мен өндірістік жарақатты азайту жөнінде пікір алмасылды.