ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНЫҢ АДАЛ АЗАМАТЫ БОЛУҒА ҰМТЫЛАЙЫҚ!

ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНЫҢ АДАЛ АЗАМАТЫ БОЛУҒА ҰМТЫЛАЙЫҚ!

   Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бекіткен Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы, әдеп жөніндегі уәкіл С.Алиманов 31.07.2025 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Н.Бакибаевтың және Шымкент қаласы дін істері басқармасының өкілі К.Аманкелдінің қатыстысуларымен Департамент қызметкерлеріне семинар-кеңес ұйымдастырды.

Жиында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының бірқатар баптарындағы тармақтарын орындау барысы пысықталып, осы баптар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

- Атап айтқанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің  ақы төленетін өзге қызметпен және кәсіпкерлікпен айналысуға, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті басқаруға құқығы жоқтығы, олар тек ақылы педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық жұмысты ғана қосымша атқаруы мүмкін екендігі ескертілді.

- Сонымен қатар ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының 11-бабында қарастырылған мемлекеттік қызметкерлердің кірістері мен мүліктерінің міндетті  декларациялануының  маңызы жөнінде талқыланды.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуын болдырмау шаралары да, талқыланды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен сексуалды қысым көрсету фактілерінің алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.

Семинар барысында қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

Заң талаптарын сақтау — әрбір мемлекеттік қызметкердің жауапкершілігі екенін ескере отырып, бұл шаралар тұрақты түрде жалғасады.

Қоғам болып, барлығымыз бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы табанды түрде қарсы тұрайық және дөрекілікке жол бермейік!

Әділетті Қазақстанның адал азаматы болуға ұмтылайық, достар!