Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі өкілі С.Алиманов Департаменттің қызметшілерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және еңбек заңнамаларының кейбір мәселелері бойынша құқықтық сабақ өткізді.
Жиын барысында Департаменттің қызметкерлеріне ҚР Еңбек Кодексі мен Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп Кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының негізгі ережелерін түсіндіру болды.
Кездесу барысында Серік Бахтыгерейұлы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудің, оған ақы төленудің мән-жайына түсіндірме беріп өтті. Сондай ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, заң талаптарына бағынуы және қоғам алдындағы жауапкершілігі жайында баяндап, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, қызмет барысында заңсыз әрекеттерге жол бермеу және құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары талқыланып, діни наным-сенімге қатысты мәселелерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құқықтық сабақ пікір-алмасуға ұласып, Департаменттің қызметкерлерінің сұрақтарына заңнамаларға негізделген жауаптар берілді.