Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде 08.07.2025 жылы басшы орынбасарының және мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 8-тарауының 47, 48, 49, 49-1, 50-баптары бойынша кезекті семинар өткізілді.
Семинарда Кодекстің 47-бабы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға берудің жалпы ережелері,
48-бабы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын аутсорсинг арқылы бәсекелес ортаға беру,
49-бабы орталық атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік тапсырма арқылы бәсекелес ортаға беру,
49-1-бап. орталық атқарушы органдардың функцияларын заңды тұлғаларға трансферттер беру арқылы бәсекелес ортаға беру,
50-бап. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға беру мәселерінің мақсаттары, принциптері, ашықтық, есеп берушілік, құқықтық сенімділік, азаматтардың құқықтарының бұзылмауы, бәсекелес ортаға беру механизмдері, бақылау және жауапкершілік, сондай-ақ Мемлекеттік органдар үшін аутсорсингтің пайдасы, тәуекелдер мен сақтық шаралары талқыланды.