Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде 01.07.2025 жылы еңбек заңнамасының қолданылу барысына кезекті семинары өткізілді.
Семинарда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 38-бабы Жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру барысында жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттері нақтырақ айтқанда:
- Жұмыскер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруі, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау;
- Еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) оны орындау кезінде өзгеретін өзге жұмысты тапсыру;
- Жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру;
Жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыру жағдайы талқыланды.