Семинар өткізілді:"мемлекеттік қызмет туралы заң оған енгізілген өзгерістер, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын және этика нормаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер (құмар ойынына қатысу қызметтен босатуға әкелу) "

Семинар өткізілді:"мемлекеттік қызмет туралы заң оған енгізілген өзгерістер, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын және этика нормаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер (құмар ойынына қатысу қызметтен босатуға әкелу) "

СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ө.Алшынбаева Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментерінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі С.Жанұзақов қатысып баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Мемлекеттік қызметшілердің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» нормаларын сақтау;
2. Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарға алкогольден және (немесе) есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде болуларын, есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтынуының, көлік құралын алкогольден және (немесе) есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан мас күйінде жүргізудің алдын алу және оған жол бермеу;
3. Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту туралы.
Жиын барсында департаменттің өзекті мәселелері талқыланып, тиісті шаралар қабылданып, алдағы уақытта халыққа сапалы және мерзімінде қызмет көрсету туралы нақты тапсырма берілді.