Пресс-релиз

Пресс-релиз

Шымкент қаласының бюджеті туралы мәлімет

 

         15 маусымда өткен қалалық мәслихаттың кезекті 69 сессиясында Шымкент қаласының 2021 жылға арналған бюджеті Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 106 бабына сәйкес нақтыланып өзгертілді.

        Республикалық бюджеттен нақтылау барысында қалаға қосымша 27 285,9 млн.теңге трансферттер мен кредитттер берілді. Бұл қаржылардың басым бөлігі инфрақұрылым жүйелерін дамытуға бағыттталды.

        Жергілікті бюджеттің кірістеріне талдау жүргізу нәтижесінде кірістер көлемі 7 693,5 млн.теңгеге ұлғайтылды. Қаржылар тұрғын үй құрылысына, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымдық жобаларға бағытталуда.  

        Атап айтқанда келесі салаларға қосымша қаржылар қаралуда. 

        - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге                               2 187,9 млн.теңге (81 099 алушыға 9 айға 13 860 теңгеден);

        - Қаламызда алғаш рет балалар ауруханасында нейрохирургиялық орталық ашуға 394 млн.теңге;

        - Ойын және спорт алаңшаларын орнатуға                                      3 732,3 млн.теңге (61 балалар ойын және 101 ашық спорт алаңшаларын орнату);

        - Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қолдауға 329,9 млн.теңге;

        - Цитадельдің музейлендіру жұмыстарына                           465,2 млн.теңге (мұражайдың 4 залы, 35 мың экспонат);

        - Коммунальдық меншіктергі  10 көпқабатты  тұрғын үйді ағымдағы жөндеуге 373,7 млн.теңге;

- Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыруға 502,3 млн.теңге;

        - Кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіруге 1 000,0 млн.теңге;

 

        Нәтижесінде, 2021 жылға қала бюджетінің көлемі                                        451,3 млрд.теңгеден 481,6 млрд.теңгеге ұлғаюда. (өсім 30,3 млрд. теңге)