Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021 жылғы қаңтар айының қорытындысы

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының  2021 жылғы қаңтар айының қорытындысы

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2021 жылғы қаңтар айының қорытындысы

 

Қала аумағының көлемі 1,2 мың шаршы км. құрайды.

2021 жылдың 1 қаңтарына қала халқы 1 074,2 мың адамды құрады. Қала қалалық маңызы бар 4 ауданнан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 67,5%, өзбектер - 17,7%, орыстар – 8,9%, басқалары – 5,9%.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айына қалаға келгендер саны 40 228 адам, қаладан кеткендер саны 28 873 адам. Миграция сальдосы 11 355 адамды құрады.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 54,4 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 109,6%.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының  өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы жалпы құны 50,4 млрд. теңгеге 21 жобаны жүзеге асырып, 1299 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 8,8% - ға артып, 2,1 млрд. теңгені құрады.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 68,1 мың бірлікті немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 98,3% құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 12,8 млрд. теңгені немесе 272,3% құрады. Инвестиция көлемі «ПКОП» ЖШС зауытты модернизациялау және қайта құру жұмыстары және жаңа құрал-жабдықтар алу есебінен, «Hevel Kazakhstan» ЖШС күн электростанциясының құрылысын жүргізу есебінен артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,5 млрд. теңгені құрады (127,5%), 32,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 283,4%.

Бөлшек сауда көлемі 28,3 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 97,9% құрады. 

2020 жылдың 4 тоқсан қорытындысымен қалада жұмыс күші 432,3 мың адамды, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 410,4 мың адамды құрады.  

Жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады (2020ж. 4 тоқсаны). Жұмыс күшінен өз бетінше жұмыспен қамтылған халық 29,1% құрады (126,0 мың адам).

Орташа айлық жалақы 17,5% - ға артып, 2020 жылдың
қаңтар-желтоқсанына 161,4 мың теңгені құрады.

Инфляция 2021 жылдың қаңтар айын 2019 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 100,6% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 101,0%, азық – түлік емес тауарларына – 100,5% және қызметтерге -100,2%. 

Салықтар. Жергілікті бюджетке 10,9 млрд.теңге салықтар және басқа да төлемдер түсті. Жоспар 257,4% орындалды. 2020 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда түсімдер 20,9% өсті. 

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы. Сапалы сумен қамтамасыз ету 95,6%, газбен жабдықтау 92,2%, электрмен қамтамасыз ету 95%, кәріз желілері 49,1%, жылумен жабдықтау
100% құрайды.

2021 жылдың қаңтар айына 1 275 қылмыстық іс тіркелді, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5% азайды.