Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының  2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы

Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы

 

Қала аумағының көлемі 1,2 мың шаршы км. құрайды.

2020 жылдың 1 қарашасына қала халқы 1 065,9 мың адамды құрады. Қала қалалық маңызы бар 4 ауданнан тұрады. Ұлттық құрамы: қазақтар – 67,5%, өзбектер - 17,7%, орыстар – 8,9%, басқалары – 5,9%.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 654,2 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 98,9%.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының  өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2020 жылы жалпы құны 37,7 млрд. теңгеге 22 жобаны жүзеге асырылып, 1089 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 4,4% - ға артып, 36,0 млрд. теңгені құрады.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 69,9 мың бірлікті немесе 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 100,6% құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 278,5 млрд. теңгені немесе 140,9% құрады. Инвестиция көлемі тұрғын үй, газ құбырының құрылысы, автобус алу есебінен артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 125,4 млрд. теңгені құрады (143,1%), 649,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 123,9%.

Жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады (2020ж. 3 тоқсаны). Жұмыс күшінен өз бетінше жұмыспен қамтылған халық 29,1% құрады (125,9 мың адам).

Орташа айлық жалақы 9,9% - ға артып, 2020 жылдың
3 тоқсанына 155,0 мың теңгені құрады.

Инфляция 2020 жылдың желтоқсан айын 2019 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 107,1% құрады, оның ішінде азық – түлік тауарларына – 111,4%, азық – түлік емес тауарларына – 105,3% және қызметтерге -103,2%. 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы. Сапалы сумен қамтамасыз ету 95,6%, газбен жабдықтау 92,2%, электрмен қамтамасыз ету 95%, кәріз желілері 49,1%, жылумен жабдықтау
100% құрайды.

Салықтар. Мемлекеттік бюджетке 241,4 млрд.теңге салықтар және төлемдер түсті немесе жоспар 104,9% орындалды, оның ішінде республикалық бюджетке 96,1 млрд.теңге (жоспардың орындалуы 101,9%), жергілікті бюджетке 145,3 млрд.теңге (жоспардың орындалуы 107,0%).