
🔷Жиынға қала әкімі, мәслихат депутаттары, аудан әкімдері, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыc ашық форматта өтіп, онлайн-трансляция ұйымдастырылды.
🔷 Сессия барысында қаланың одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды алты мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
🔷 Негізгі шешімдердің бірі – Шымкент қаласының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін нақтылау болды. Нәтижесінде қала бюджетінің көлемі 868 млрд теңгеден 893 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл басым бағыттарды қаржыландыруға және жоспарланған жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
🔷 Сонымен қатар, депутаттар толық аяқталып, пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының тізбесін бекітті. Құжат жобалау жұмыстарынан бастап нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық кезеңді қамтиды.
🔷 Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.
🔷 Күн тәртібі аясында «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітіліп, «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ, қала әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілді.
🔷 Күн тәртібіндегі барлық мәселе бұған дейін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында қаралып, депутаттар ұсынылған шешім жобаларын жан-жақты талқылады. Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ескертулер ескерілді.
🔷 Сессия соңында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қаралған мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, депутаттарға сындарлы қолдауы мен нәтижелі өзара іс-қимылы үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар қаланы одан әрі дамыту жолында бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды