Хабарландыру

Хабарландыру

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-Заңына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» және Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының 2026 жылғы 6 мамырдағы №  бұйрығына сәйкес,  Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған орай, аталған талдауға байланысты      ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз болған жағдайда интернет    желісінде және бюдждетті талдау және қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы Момынова Жанна Алиевнаның 8(7252)24-75-21 телефонына немесе zh.momynova@shymkent.gov.kz электрондық поштасына хабарлама қалдыруға болатынын ескертеміз.