ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

 



🔹Ағымдағы жылдың 29 құркүйегінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

🔹Кеңес отырысында 1 мемлекеттік қызметшіге қатысты қозғалған тәртіптік іс, 2 мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындылары және 2 мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша жүргізілген талдау және мониторинг жұмыстарының нәтижелері қаралды.

🔹Атап айтқанда, Шымкент қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Г.Дәрібаеваға қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралып, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Е.Есқараевтың және Шымкент қаласының Тұран ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Омартаевтың есептері тындалды.

🔹Нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңеспен аталған лауазымды тұлғаларға бұзушылықтарды алдын-алуға, заңнама талаптарын қатаң сақтауға, қоғам тарапынан сынға себепкер болмауға, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауға байланысты профилактикалық ұсынымдар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.